Нашақордың отбасы мүшесі немесе досы болған жасөспірімге

Егер саған жақын адамның есірткі қолданатыны туралы айқын дәлелдер немесе күмәндар болса, Наратин тобындағылар сенің қазіргі сәтте не сезініп тұрғаныңды біледі.
Біз отбасымыздың мүшесі немесе досымыз есірткі мәселесіне тап болғанын білген сәтте бастан кешкен жалғыздықты, қорқынышты және абыржушылықты жақсы есімізде сақтадық.
Сені біздей түсіне алатындар көп емес.
Кейбіріміз өзіміздің күмәнімізді елемеуге тырыстық, ештеңе байқамағандай кейіп таныттық.
Сұрақтар қоюдан қорықтық – біз не болатынынан қорықтық.
Жағдай ушыға берді, ал біз одан сайын ессіз күйге түстік.
Қол ұшын беруге тырысқан әрекеттеріміз бұл жағдайды жақсартқан жоқ.
Бізге барған сайын қиын бола түсті, біз үмітімізді үздік.
Наратин топтарына келген кезде біз есірткіге тәуелділік – бұл ауру екенін ұғына бастадық.
Біздің туысымыз немесе досымыз нашақорға айналғаны үшін біз кінәлі емеспіз.
Біз олардың әрекеттері үшін жауапты емеспіз.
Нашақорларға көмек қажет, бізге де көмек қажет.
Нашақорлар көмек алу үшін оңалту орталықтарына жүгіне алады.
Ал Наратин біз үшін — есірткі қолданатын бауыры, әпке-сіңлісі, ата-анасы немесе досы бар жасөспірімдер үшін құрылған.
Наратин тобының апта сайынғы жиналыстары жыл бойы өткізіледі.
Біз сені жиналыстарымызға шақырамыз.
Бұл — анонимді бағдарлама, жиналыстарда біз тек өз есімімізді ғана атаймыз.
Бізде ешқандай жарналар, тіркеу немесе міндеттемелер жоқ.
Жай ғана кел.
Сен өз пікіріңді айтуға міндетті емессің, бірақ жиналыстан кейін сұрақтар қоюыңа болады.
Біз сені түсінеміз, өйткені өзіміз де осы жағдайды бастан өткердік.
Бұл дертпен күресудің тиімді жолдары бар екенін білген кезде бізге әлдеқайда жеңілдеді.
Біз енді жалғыз емеспіз!

Scroll to Top