Есірткіден зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету сайты
Біз туралы
Біз жақындары нашақорлықпен күресетін адамдарға көмектесу үшін құрылған қолдау тобымыз. Біздің миссиямыз — отбасы мүшесінің немесе досының нашақорлығына байланысты қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқандарға қолдау, түсіну және ресурстармен қамтамасыз ету.
Біз бұл мәселемен жалғыз қалмаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Біздің бағдарламаларымыз бен іс-шараларымыз тәжірибе алмасу, кеңес пен қолдау алу үшін қауіпсіз кеңістік құруға арналған. Біздің қатарымызда кәсіби кеңесшілер, психологтар және өздері осындай сынақтардан өткен адамдар бар.
Бізге қосылыңыз, біз бірге барлық қиындықтарды жеңе аламыз және жақындарымызға сау және бақытты өмірге оралуға көмектесеміз.
Қызметтер
Эмоционалды және психологиялық қолдау көрсетіңіз.
Кәсіби көмек пен кеңес алуға мүмкіндік беріңіз.
Тәжірибеңізбен бөлісіп, түсіністік таба алатын өзіңізге көмектесу топтарын ұйымдастырыңыз.
Нашақорлармен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістерін үйрету.
Нашақорлық мәселесі және оны жеңу жолдары туралы ақпараттандыру.
Жаңалықтар
Пікірлер
«Мен ұлымның нашақорлығы үшін өзімді кінәлі деп санадым. Мен өзімді жек көріп, нашақорлық менің жазам деп ойладым. Мен Нар-Анонға шаршаған, өзімді бір тірі өлік ретінде сезінген күйде келдім. Нар-Анон тобының алғашқы жиналысында ақ қолдау, махаббат және түсіністік таптым. Онда менің басымнан өтіп жатқан жағдайды жақсы түсінетін адамдар болды! Мен ұлымның ауруының алдында әлсіз екенімді мойындадым, бұл маған үлкен жеңілдік берді. Менің иығымнан бір ауыр жүкті алып тастағандай болдым».
“Көптеген жылдар бойы менің өмірімде және жасөспірім нашақор ұлымның өмірінде ештеңе өзгерген жоқ. Дегенмен, мен қолымнан келгеннің, тіпті шамамнан тыс нәрсенің бәрін жасағандай болып көріндім. Шын мәнінде, мен бәріне қорқынышмды, денсаулығымды, жұмсақ мінезімді және қаржымды пайдалануға, өзімді мазақ қылуға мүмкіндік бердім. . Соңында мен көмек сұрап, нашақорлардың отбасы мүшелері мен достарының жиналысына келдім. Онда мен нашақорлық отбасылық ауру екенін білдім. Мен сауығу құралдарын алдым, оларды қолдана бастадым және нашақорлықтан қорқуды доғардым».
Нар-Анон тобының алғашқы жиналысына мен үмітсіздік жағдайында келдім. Сонда мен неге ол жаққа бара жатқанымды түсінбедім, бірақ жай ғана білдім: есімнен айрылмас үшін бір нәрсе істеуім керек. Мен күлімсіреген адамдардың, бір-бірін қуана қарсы алғанын көрдім. Мен үшін бұл бұрыннан ұмытылған эмоциялар болатын, мен бұл эмоцияларды қайтадан сезіне алатыныма сенбедім. Мен әр жиналысқа қалмай бардым, бірден ауыруыммен бөлісе бастадым. Мен басқаларды тыңдап, нашақормен арамыздағы тәжірибе мен мінез-құлық тактикасын қабылдадым. Бұл маған үш айдан кейін шекараны орнатуға мүмкіндік берді: менің үйімде есірткі қолданбайды».
«Бағдарламада мен өзімнік сүйікті нашақорымды құтқару және бақылау әрекеттері тек кедергі келтіретініне көз жеткіздім, ал шыдамдылық пен сенім жақсы нәтижеге әкеледі. Бұндай ұғынуға менің нашақор ұлым көмек сұраған кезде келдім. Бұл бір ғажайып болды. Ұзақ жылдар бойы терістеуден кейін, ол өзінің ауру екенін мойынлап, емделуге шешім қабылдады. Ол бұрын да осындай шешімдер қабылдаған, бірақ мен оған бірден көмек көрсете бастадым, оның көмек табатын жерге қалай жететінін бақыладым. Оның кетуге деген ықыласы бірден жойылатын. Бұл жолы мен жаңа бағытты ұсиандым. Ол сауығу орталығына баруға, өз пойызын күткенде, мен оның заттарын жинаудан өзімді шеттедім және сабырмен күттім. Сен құтқарғың келіп, айқайлағың келгенде- шыдау қандай азап және ауыр! Мен ұлыма ол орталыққа барады ма, жоқ па, оған қарамастан оны жақсы көретінімді айттым. Мен оны дәл осы қалпында жақсы көремін. Ұлым айығуға кетті, ал мен өмір сүруді және жаңаша ойлауды үйренгенімді түсіндім. Бағдарламаға рахмет».
Мен өз басымды қауіпке тігіп, өзімді иірімнің тартып кетуіне жол бермеймін. Жиналыстарға барамын немесе Нар-Анондағы дрстарыма қоңырау шаламын, бірақ мен сенімен бірге иірімге батпаймын.
«Заттарды сол қалпында қабылдау, сіз оларды жақсы көруіңіз керек дегенді білдірмейді» Янла Ван Зант
DOSN, рұқсатымен аударылған ©️ nfgh Inc.