ҚЫЗМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫ БАСҚАРУДЫҢ ОН ЕКІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Адамның еркіндігі Он екі Қадамды орындауға байланысты болса, топтың еркіндігі — Он екі Дәстүрді ұстанумен анықталады. Ал қызмет құрылымының еркіндігі мен үйлесімділігі Он екі Тұжырымдамаға негізделеді.
- Нар-Анонның басты мақсатын жүзеге асыру үшін отбасылық топтар қауымдасып, бүкіл қауымдастық мүддесі үшін қызметті әзірлейтін, үйлестіретін және қолдайтын құрылымды құрды.
- Нар-Анон қауымдастығындағы қызметтің түрлерін таңдау құқығы және сол қызмет үшін толық жауапкершілік — топтардың өзінде.
- Топтар әрбір қызмет құрылымына өзіне жүктелген міндеттерді атқаруға қажетті өкілеттілікті сеніп тапсырады.
- Нар-Анонда тиімді басшылық жоғары бағаланады. Қызметке сенім білдіру кезінде көшбасшылық қабілеттер ескерілуі тиіс.
- Әрбір қызмет құрылымында нақты міндеттер, жұмыс ауқымы және есептілік анық көрсетілуі қажет.
- Топтық сана — бұл біздің сүйіспеншілікке толы Жоғарғы Құдіреттің шешімдерімізге әсер етуін рухани жолмен шақыру тәсіліміз.
- Қызмет құрылымындағы барлық мүшелер шешімдер үшін жауапты және шешім қабылдау процесіне толық қатысу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
- Барлық тұжырымдамалардың тиімді жүзеге асуы және шынайы қызмет ету үшін тұрақты әрі екіжақты ақпарат алмасу қажет.
- Шешім қабылдау барысында барлық пікірлер мен көзқарастарды мұқият қарастыру — әр қызмет құрылымының міндеті.
- Қызмет құрылымындағы кез келген мүше өзіне әділетсіздік жасалды деп санаса, қорықпай, құрылымның топтық санасына жүгінуге құқылы.
- Нар-Анон қаражаты тек басты мақсатымыз — хабар жеткізу үшін жұмсалуы керек және бұл жауапкершілікпен жүзеге асырылуы тиіс.
- Нар-Анон бағдарламасының рухани сипатына сәйкес, біздің әрбір құрылым басқарушы емес, қызмет көрсетуші болуы тиіс.