НАР-АНОН ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Топ мүшелері жиналыс алдында орындықтарды жайып, әдебиеттерді таратып, шай әзірлеп, жиналыстан кейін бөлмені жинап қызмет ете алады. Біраз уақыт бойы топқа қатысып жүріп, жиналыс жүргізуге, хатшы, қазынашы немесе Нар-Анон Қазақстан Комитетіндегі топ өкілі қызметтерін атқаруға ниетіңіз тууы мүмкін.
Біз қызмет ету арқылы айығу жолында алға жылжимыз.
Қауымдастығымыздың жұмыс істеуі мен дамуы үшін оны өзіміз қызмет етіп қолдаймыз.
Қызмет ету — бұл Он Екінші Қадамды жүзеге асырып, Нар-Анон бағдарламасы арқылы алған сыйымызды басқаларға қайтарудың мүмкіндігі.
Қызмет үшін түрлі қасиеттер қажет болуы мүмкін, бірақ ең маңыздысы — Нар-Анон қауымдастығына қызмет етуге деген қалау мен дайындық.
Барлық қызметкерлер топтың ортақ шешімімен сенім білдіріліп сайланады. Қызмет мерзімі топ деңгейінде — 3–6 ай.
Қауымдастықтағы қызмет түрлеріне мыналар жатады:
Нар-Анон Қазақстан Комитетіндегі топтың қызмет өкілі;
Нар-Анон Қазақстан Комитетінің қазынашысы;
Топ жиналысының жүргізушісі;
Топ хатшысы;
Топ қазынашысы;
Топтың «шайханашысы».
Топтардың және қызмет құрылымдарының қажеттілігіне қарай басқа да қызмет түрлері белгіленуі мүмкін. Кейбір қызметтерді біріктіріп атқаруға болады.
Нар-Анонда қызмет етудің жолдары туралы толық ақпаратты Нар-Анон Қазақстан Комитетінен келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 747 193 7059
📣 ЕГЕР СІЗДЕ НАР-АНОНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАУ БАР БОЛСА, ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТ ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ.

Scroll to Top