ОН ЕКІ ҚАДАМ
- Біз нашақор адам алдында дәрменсіз екенімізді және өміріміздің бақылаудан шыққанын мойындадық.
- Бізден күштірек Бір Құдіреттің бізге ақыл-есімізді қайтара алатынына сендік.
- Өз еркімізді және өмірімізді Құдайға, өзіміз түсінетін Құдайға тапсырдық.
- Өзіміздің адамгершілік тұрғыдағы ішкі әлемімізді терең және батыл түрде зерттедік.
- Қателіктеріміздің шынайы мәнін Құдайдың алдында, өзіміздің және басқа бір адамның алдында мойындадық.
- Құдайдың біздің барлық мінез-құлық кемшіліктерімізден арылтуына толық дайын болдық.
- Одан осы кемшіліктерімізді түзетуді кішіпейілдікпен сұрадық.
- Біз зиян келтірген адамдардың тізімін жасап, олардың бәрінен кешірім сұрауға дайын болдық.
- Оларға тікелей барып, мүмкін болған жерлерде келтірілген зиянды өтедік, бірақ бұл әрекет оларға немесе басқа біреуге зиян келтірмейтін жағдайда ғана.
- Біз өзін-өзі талдауды жалғастырдық және қателік жібергенімізді байқаған сайын бірден мойындадық.
- Біз өзіміз түсінетін Құдаймен саналы байланысымызды дұға және медитация арқылы нығайтуға ұмтылдық. Біз Оның еркін түсініп, сол ерікті орындауға күш сұрап дұға жасадық.
- Осы Қадамдар арқылы рухани оянуға қол жеткізіп, бұл хабарды өзгелерге жеткізуге және осы қағидаларды өміріміздің барлық салаларында қолдануға тырыстық.