Нар-Анон Қазақстан Отбасылық топтары
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ БЕН МІНДЕТІМІЗ
Nar-Anon жанұялық топтары — бұл жақын жандарының нашақорлығынан зардап шеккен адамдарға арналған бүкіләлемдік қауымдастық. Біз өз тәжірибемізбен, үмітімізбен және күшімізбен бөлісіп, «Он екі Қадам» бағдарламасын қолдана отырып көмек көрсетеміз.
Жақын адамдарының нашақорлығынан зардап шеккен бүкіл әлемдегі адамдарға үмітке толы үндеу жеткіземіз.
Біз мұны келесі жолдармен жүзеге асырамыз:
- бұл адамдарға жалғыз емес екендерін сезіндіреміз;
- Nar-Anon ұйымының «Он екі Қадам» бағдарламасын қолданамыз;
- қызмет ету арқылы рухани дамуды қолдаймыз;
- бағдарламамыз туралы ақпаратты баспа беттерінде, емдеу мекемелерінде және интернет-ресурстарда таратамыз;
- өзіміздің мәселе жайлы көзқарасымызды өзгертеміз.