АНОНИМДІК

Топтарымыздың тәжірибесі көрсеткендей, Он Екінші Дәстүрдегі анонимдік қағидасы — барлық Дәстүрлеріміздің рухани іргетасы. Бұл қағиданың үш маңызды қыры бар:
Нар-Анон шеңберінен тыс анонимдік;
Қауымдастық ішінде анонимдік сақтау;
Жеке өсуімізге ықпал ететін анонимдік.
Біз Нар-Анон/Наратин қауымдастығының басқа мүшелерінің және Анонимді Нашақорлар қауымдастығы мүшелерінің анонимдігін қорғаймыз. Бұл — біз жиналыста естіген немесе көрген нәрсені ешкімге — тіпті туыстарымызға, достарымызға немесе басқа мүшелерге — ашпаймыз дегенді білдіреді.
Анонимдік — нашақор адамдардың отбасы мүшелері мен достарына көмек көрсету жолындағы қызметімізде аса қажет. Он Екінші Дәстүр бізге еске салады: Нар-Анон мен Наратин қағидаларының рухани мәні — баршаның теңдігі және бұл теңдік анонимдік арқылы көрініс табады.
Біздің қағидалар — тұлғалардан маңызды.
(Жергілікті қызмет жөніндегі Нұсқаулықтан, 8-1 және 8-2 беттер)

Scroll to Top